Оңтүстік Қазақстан облысында бұрын елімізде шығарылмаған қажетті өнімдер өндірілуде. Сол өндіріс орындарының бірі «HILL Corparation» ЖШС-і – еліміздегі автокөлiк моторына қажетті май және майлау материалдарын шығаратын бiрегей зауыт. Осы саладағы алғашқы қарлығаш десе де болады. Бұрын тек шетелдік өнім тұтынып келсек енді тек отандық өнімді қажетімізге жаратамыз. Мотор майлары халықаралық стандарттарға сай. Әрі өте сапалы. Шетелдiк өнімдермен салыстырғанда 15 пайызға арзан. Зауыттың жылдық қуаттылығы 24 мың тонна май өндіруге жетеді. Бірегей өндіріс орнында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Зауыт мемлекеттен 5,4 миллиард теңге несие алған. Соның арқасында облыс экономикасын өркендетуге дүркірете үлес қосуда. Зауыт тек қажетті өнім шығарып қана қоймай бұрын қолданылған майларды да қабылдайды. Жақында оны қайта өңдеуді қолға алып отыр. Көліктің мотор майларын жерге төге салатыны белгілі. Ол өз кезегінде қоршаған ортаға аса зиянды. Экологияға зор зиян келтіретін майды қайта өңдеп, қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан сақтауға да үлес қосуда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498