Оңтүстік Қазақстан облысындағы индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорындардың бірі «Пластик» ЖШС-і бүгінде мың түрлі пластикалық заттарды шығарады. Өзге бәсекелестерінен озатыны бағасы – арзан. Бірақ бағасы арзан екен деп сапасына күмән артуға болмайды. Сапасы өте жоғары. Шетелдік тауарларды басып озуға қауқары жетеді. Пластикалық заттардан түрлі пішіндегі су сақтайтын бөшкелер мен қолданысқа қажетті заттарды шығаратын бұл кәсіпорын бүгінде жұмысын қарқынмен жүргізіп отыр. Қазір мұнда 25 адам жұмыс істейді. Үйлердің, ғимараттардың алдына қойылған хауыздарды көрсеңіз осы серіктестіктің қнім деп ойлауға болады. Хауыздан бастап, пластикалық қайық, киім манекендері, сыйымдылықтар бәрі де огсында шығарылады. Тапсырысқа сай етіп те жасап бере алады. Құрылыс материалдары мен су шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтарды осы цехтан табуға болады. Тапсырыстар саны ұлғайып келеді. Серіктестік жетекшісі Василий Столярчук: «Біздің зауытта халықтың сұранысына байланысты пластикадан жасалатын кез-келген өнім шығарылады. Көбінесе, Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік аймақтарынан тапсырыстар түсіп тұрады» дейді. ШШикізатты шеттен әкеледі. Заманауи құрылғылар да шетелдікі. Өндірілген өнімнің сапасы жоғары болғандықтан сұраныс артып отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498