Аспан асты елінен ағылған бұймдардан құтылатын күн де алыс емес. Олардың орнын отандық өндіріс басуда. Оңтүстікқазақстандық шұлықтардың нарықты жаулап алар күні де алыс емес. Сапалы тауарды «Әлем БТ» фабрикасы шығарып жатыр. Тоқылған жібі де, сыртқы көрінісі де импорт тауардан кемдігі жоқ. Бүгінде оның тұтынушылары қатары да артып отыр. Өндіріс орнының жылдық қуаты 16 миллион дана шұлық өнімін шығаруға қауқарлы. Бұл өнім ішкі нарықты қамтып қоймай, шетелдерге экспоттаудан да жетіп артылады. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде облыстың экономикасына 2 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бүгінгі күні дайын өнімдерді Шығыс Еуропа, АҚШ, Ресей, Корея елдеріне сату бойынша келісімшарттар жасалуда. Шығарылған өнімнің жерде қалмайтыны анық. Екі ай ішінде компания 200 мың жұп шұлық бұйымдарын шығарған. Жоба негізінде корейлік Jintex Global компаниясымен бірлесе жүзеге асырылып отыр.