Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданында бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Солардың бірі индустриалдық аймақтаа ашылған «Сырлы Созақ» зауыты. Бүгінде серіктестік пластмасса қалдықтарынан кәдеге жаратып, полиэтилен құбырын шығаруда. Құны 222,9 млн. теңге болатын жоба аясында толық қуатында жұмыс істеп тұр. Мұнда 50 азамат екі қолға бірп күрек тауып отыр. Осында шығарылатын диаметрі 100-ден 400-ге дейінгі құбырларға сұраныс та көп. Аталған құбырларды бүгінде жергілікті құрылыс компаниялары сатып алуда. Олар шетелдік өнімнен көрі сапасы көш ілгері екенін айтуда. Бұдан бөлек Созақ ауданындағы индустриалды аймақта қарқынды жұмыс істеп келе жатқан «UKO-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-і, «Уран өндіруші кәсіпорындарға арналған металл бөшкелер шығару зауыты» жұмыс істеп келген. Енді, бұл мекеменің жанынан қосымша нысанның құрылысы басталды. 337 млн. теңгеге инвестиция құйылып, жыл соңына дейін кәсіпорын толықтай жұмысқа кіріспек. Мұнда техникалық май тасымалдауға арналған бөшкелер шығарылатын болады. Мұнда уран өнідірісіне қажетті 200 литрлік бөшкелер шығарып келген. Аудан тарапынан шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғырландыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Индустриалды аймақтың инфрақұрылым құрылысына жалпы 239,7 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды. Елдің әлеуеті өндірістің қарқынына қарай жақсарып келеді.