Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеңіл өнеркәсіп қанатын жайып келеді. Бір бірімен сабақтаса жұмыс істейтін кәсіпорындар бірі жіп иірсе, енді бірі тігілген кәстөм шалбарларға арнап түйме шығаруда. «KazPlast» компаниясы жылына 100 млн. дана түйме шығаруда. Бір қарағанда майда-шүйде зат болып көрінетін түйменің өзін қытайдан тасымалдап келген едік. Енді отандық өнімді тұтынудамыз. Тіпті алдағы уақытта отандық түймелерді шетелге де экспорттау жоспарланып отыр. Тапсырыс берушінің сұранысына сай түсі мен пішінін келтіріп жасап береді. Кәсіпорын толықтай италиялық құрылғылармен жабдықталған. Алғашында тек қана әскери киімдерге ғана түйме жасап келсе бүгінде ассортимент көбейген. Әрі сапалы, әрі сәнді. Теңіз асып, тау асып келген импорттық өнімнен әлдеқайда сапасы жоғары. Бағасы да арзан. Ашылғаннан бергі уақытта 150 миллионнан аса түйме жасап шығарыпты. Мұндағы құрылғылардың барлығы да автоматтандырылған. Еңбек күшін аз қажетсінеді. Кәсібін дөңгелетір отырған кәсіпкерге «Даму» қоры қаржылай қолдау көрсеткен. Соның арқасында өндіріс орнын толықтай автоматты қондырғылармен жабдықтауға қол жеткізген. Алдағы уақытта компания Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдеріне өнімін экспорттамақ.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682