Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының кәсіпкерлері тек алма өсіріп қана қоймай одан шырынға қажетті концентрат жасап шығаруда. Ауданда алма, жүзім шаруашылықтары көп. Сондықтан да компания шикізатты алыстан іздеп сабылмайды. Алдын «Арсен Ас» ЖШС-і алмадан концентрат шығарумен айналысқан. Сусын өндірісіне өте керекті қоспаға деген сұраныс өте жоғары. Экологиялық таза өнімге деген сұраныс алдағы уақытта артары сөзсіз. Содан сусын өндіре бастады бүгінде. «Нар сапа» деп аталатын сусын бүгінде дүкен сөрелерінен орын алып та үлгерді. Әу баста тек алма шырынын шығарып келсе, бүгінде олардың қатарына шабдалы, қызанақтан жасалатын шырындар қосылған. Алдағы уақытта аталған шырындардың жылына 5 миллион данасын шығарылмақ. 1 литрлік қаптамадағы шырынның өзіндік бағасы 200 теңгеден аспайды. Сатылымға шығарылатын өнімнің бағасы да аса қымбат емес. Компанияның басқа да шаруашылықтарға пайдасы зор. Алма бауын өсіретін шаруалардан жылына 2 000 тонна алма қабылдайды. Шаруалар да өнімін алысқа апарамын деп шаршамайды. Бір бірімен серіктесе жұмыс істеуде. Жобаның жалпы құны 600 миллион теңге. Сусын нарығында ойып тұрып орын алу оңай емес. Дегенмен таза өнімнен дайындалған дәмі балдай түлкібастың сусынының өтімділігі жоғары болады деген сенім мол. Алдағы уақытта серіктестік тосап және қайнатпалар өндіруді жоспарлауда.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682