Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде өндіріске аса қажетті өнім өндіретін кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Мыс және алюминий сымдарын шығаратын кәсіпорынның бүгінде жұмысы қарқынды. Оның шығарып отырған өнімі жергілікті өндіріс орындарына ауадай қажет бұйымдар. Сапалы өнім әртүрлі қуаттылықтағы трансформаторларды құрастыруға қажет. Тіпті қуаттылығы жоғары кабель өнімдерін шығаруға қол жеткізіп отыр. Мұның барлығы да соны технологияның арқасында. Барлығы да стандартқа сай. Сапасы төмен болса әрине қажетті құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сондықтан да толық тексеруден өткізіледі. Бүгінде мыс, алюминий сымдарына сұраныс артқан. Негізгі тұтынушы кентау трансформатор зауыты. Шетелден келетін өнімдерден 10 пайызға дейін арзан. Трансформатор зауытының өнімділігін арттыруға да септігін тигізіп отыр. Зауыт қазір жылына альюминий сымның 240 мың тоннасын шығарады. Кәсіпорын қазір өз өнімінің 50 пайызын шетелге шығарып отыр.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682