5 институционалдық реформасы бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында бүгінде «Салауатты өмір салты-жарқын болашақ» тақырыбында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы» күрес туралы мемлекеттік бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында мәдениет үйі жастар бөлімінің ұйымдастыруымен жуырда аудандық мәдениет үйінде «Салауатты өмір салты-жарқын болашақ» атты дойбыдан аудандық турнир ұйымдастырылып өткізілді. Іс — шарада арнайы қазылар алқасы құрылып, ойын барысында аудандық спорт бөлімінің маманы Б.Жұбаназаров төрешілік жасап, жүргізіп отырды. Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды Гагарин атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Хамитұлы Жансерік, ІІ орынды Науаи атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Өтеулі Орынбасар, ІІІ орынды О.Ағыбайұлы атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Абдиқасым Дәулет иеленді.
Іс-шараға қатысқан барлық үміткерлерге арнайы алғыс хаттармен ынталандыру сыйлықтары табысталды.