Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында отандық туризм саласын дамыту мәселесіне кеңінен тоқталған. Алдағы уақытта шетелдік туристерді елімізге көптеп тарту тетігін табу міндеті тұр. Осы орайда жуырда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданына Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Францис Етьен арнайы ат басын бұрды. Мәртебелі мейманды Арыстанбаб кесенесінің алдында аудан әкімі Ерлан Айтаханов күтіп алды. Келесі жылы елімізде мамандандырылған халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетіні белгілі. Осы дүниежүзілік іс-шараға байланысты, дайындық барысымен танысқан елші мырза атқарылып жатқан шаруаларға және сервистік қызметтің барлық түріне ризашылығынбілдірді. Өлкеміздің тарихын тереңірек білгісі келген Францис Етьен өзін толғандырған бірнеше сауал қойды. Елшінің сұрағына Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Серік Ақылбек толыққанды жауап берді.
«Арыстанбаб» кесенесі, әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыстардың топырағы жатқан кешенді аралап көрді. Өз кезегінде елші болашақта бұл өлкеге франциялық туристердің көптеп келетініне сендірді.
Аудан әкімі мәртебелі меймандарға отырарлық қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен жергілікті суретшілердің картиналарын және Отырар тарихынан сыр шертетін кітаптарды тарту етті.