«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мүгедеутерді әлеуметтік қорғау туралы кеңінен тоқталған. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Жуырда Түлкібас ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша қыркүйек-желтоқсан айларына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке баулу» мақсатында мүгедектерге арналған бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтер жәрмеңкесі аудандық жұмыспен қамту орталығында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 70 адам қатысты, оның 25-і мүгедектер. 40 жұмыссыз адамға Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңке барысында ұсынылған 40 бос жұмыс орнының 22-не жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмысқа жолданды, оның 8-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарынан. Ақылы қоғамдық жұмыстарына 10 азамат жолданды, оның 5-еуі мүмкіндігі шектеулі азамат