Отандық фармацевтика саласында көшбасшы компания саналатын «Химфарм» АҚ бүгінде өндіріс көлемін арттырып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында орын тепкен өндіріс орны шетелден келетін дәрі дәрмектің көлемін азайтуға осылайша үлес қоспақ. Бүгінде мұнда бұрын шығарылмаған дәрілер өндіріледі. «Химфарм» АҚ индустрияландыру картасы арқылы өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталған жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда 5,8 млрд теңге болатын бірінші кезеңі жүзеге асырылуда. Бүгінде мұнда жаңадан 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндіріс орны өткен жылы құны 3479,0 млн теңге болатын дәрі-дәрмек өндірді. Польшалық инвесторлардың қаржылай қолдауының нәтижесінде инъекциялық және инфузиялық ерітінділерді өндіретін цех салынды. Жаңа өндіріс орны 350 млн дана ампула мен инъекциялық ерітінді, 4 млн пакет инфузиялық ерітінді, 40 млн антибиотикті шөлмек және 1 млрд дана таблетка өндіруге қуатты. Қазіргі таңда зауыт 200-ден астам дженерик және 12 фармакалогиялық топтамадағы капсула пішінді таблеткалар, ампуладағы инъекциялық ерітінділер, шәрбәт, тұмба, май, сүртпе май, гелдер, линимент, суппозиторий, су және спирт ерітінділері сияқты ерекше дәрі-дәрмектерді өндіреді. Арнайы зертхана бар. Барлық дәрілер стандартқа сай өндіріледі.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682