«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 42-қадамында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттiк қызметкерлер, одан кейiн барлық азаматтар үшiн кiрiс пен шығысты жалпы жариялау кезең-кезең бойынша енгiзiледi делiнген. Жүзеге асырылуына бір жылдан сәл ғана асатын уақыт қалған науқанға бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс басқармасы кірісіп те кетті. Бүгінде аймақтарда түрлі насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мамандардың айтуынша алғашқы кезекте депутаттар, мемлекеттiк қызметкерлер, мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерi, судьялар және Ұлттық компаниялардың өкiлдерi кiрiс пен шығыстарын жариялай бастайды. Насихат жұмыстары барысында белгілі болғаны мемлекеттiк кәсiпорын қызметкерлерi 2020 жылдан бастап декларация тапсырса, ұлттық компанияда жұмыс iстейтiндер өздерiмен бiрге жұбайлары да кiрiстерi мен шығыстарын растаулары қажет екен. Екiншi кезеңде, яғни 2020 жылдың соңына дейiн халықтың қалған бөлiгi декларациялауға қатысатын болады. Бүгiнгi таңда Мемлекеттiк кiрiстер комитетi тарапынан декларация нысандарының жобасы айқындалып, талдау-талқылаудан өтуде. Сонымен қатар, декларация тапсыратын өкiлдердiң санын анықтау жұмыстары жүргiзiлуде.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682