Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментi 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқаруда. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында салық және кеден саясатына қатысты 37-45-қадамдарда салық және кеден саясатын оңтайландыру, мүлiктi және қаржыны заңдастыру ресiмдерiн оңайлату, кiрiстi және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгiзу, салық декларацияларын қабылдау және өңдеудiң орталық желiсiн құру, сондай-ақ, тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу мiндеттерi қойылып отыр. Сондай-ақ елімізде мүлiктер мен қаражаттарға рақымшылық акциясы жүріп жатқаны мәлім. Арнайы заңға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес, ағымдағы жылдан бастап ақшаны және жылжымайтын мүлiктi жария ету тәртiбi оңайландырылды. Бүгінде облыс бойынша осы тарапта жұмыстар жүргізілуде. Бір ғана Абай ауданы бойынша үш айда 856 өтініш қабылданып, оның 302-сі заңдастырылып үлгерген. Сала мамандары жария етілген мүлік немесе қаржы құқыққорғау органдары арқылы қудаланбайтынын ескертеді. Салық төлеп, бюджет кірісін арттыруда облыс халқы белсенді. Мамандардың сөзіне сүйенсек, тұрғындардың мемлекет берешегін өтеуге қатысты сауаттылығы артқан.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682