Сондайқ-ақ фермерлерге қайта өңдеу кәсіпорындарының экономикалық мүмкіндіктері туралы да қоса баяндады. Осы саладағы тың жаңалықтарға қаныққан фермердер алдағы уақытта да мұндай семинардар көптеп ұйымдастырылса деген тілектері бар. Сонымен қатар семинарда мемлекеттік қолдау мен тауар өндірушілер арасындағы кооперациялардың жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы жаңа заңға сәйкес, өндірістік кооперативтерге коммерциялық ұйым мәртебесі беріліп отыр. Мұндай мүмкіндік кооперация мүшелеріне табысты тең бөлуге жол ашпақ. Бұған дейін біріккен фермерлік шаруашылықтарда мұндай мүмкіндік болмаған еді. Заңда, сондай-ақ, кооператив мүшелерінің жарғылық капиталға қатысуына байланысты олардың арасында мемлекеттік субсидияларды бөлу тетіктері де қарастырылған. Белгілі бүгінде ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне мол қаражат бөлінуде. Бұл мақсатта «ҚазАгро ҰБХ» АҚ тарапынан 7,3 млрд теңге қарастырылған. Фермерлер мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды барынша пайдалануы қажет. Сондықтан да осындай түсіндіру жұмыстарының берері көп. Сондай ақ мал сою ісінде ветеринарлық заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы толыққанды мәлімет берілді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498