Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданы қалаға жақын орналасқан. Ауданда қарасты елдімекендерді заманауи кейіпке ендіріп, гүлдендіру бүгінде ерекше қарқынмен жүргізілуде. Сондай-ақ елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, ондағы Көлкент ауылының 6 көшесі коммуналдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, оның ішінде, ауыз су құбырлары жүргізілсе, жол бетіне асфальт төселіп, аяқ жолдар салынуда. Ұзындығы 7 шақырым болатын жолдарды жарықтандыру жайы да жоспарда бар. Бүгінде онда электр бағаналарын орнату үшін қуаты күшті трансформатор орнату жұмыстары атқарылуда. Осы жылдың қазан айында басталған жұмыстар 2017 жылдың басында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. 21 мыңнан астам халқы бар Көлкент елді мекені Сайрам ауданындағы ірі ауылдардың бірі. Мұнда жалпы саны 90-нан астам ұзынды-қысқалы көшелер бар. Ал ондағы коммуналдық қажеттіліктердің шешімі табылған.