Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би ауданында кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Әрдайым кәсіпкерлік саласы назарда болып, үнемі қолдау көрсетілуде. Күні кеше аудан басшысы Б.Парманов бизнес өкілдермен кездесу өткізді. Басқосудың басты мақсаты — осы салада қордаланған өзекті мәселелерді ортақтасып шешу, кәсіпкерлік саласында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар және ауданның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру болып табылады. Аудан басшысының кәсіпкерлікті қолдауға айрықша көңіл бөлгені жиналғандарды қуантып, өздерін алаңдататын мәселелерді әкімнің тікелей алдында баяндады.Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мұхтар Өсербаев кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау жайлы және аудандағы индустрияландыру картасы жобаларымен таныстырды. Аудан кәсіпкерлері атқарып жатқан салаларында туындайтын, дамуына кедергі келтіретін көптеген проблемаларды қозғады. Аудан әкімдігі, кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және аудандық кәсіпкерлер палатасы тарапынан айтылған проблемалардың шешімін табуға ықпал етуге уәде беріліп, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді. Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі аптаның әр сәрсенбісінде аудан кәсіпкерлерімен кездесуге дайын екендігін айтты. Олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, проблемаларының шешу жолдарын қарастыру үшін кәсіпкерлік мектебінде осы салаға қатысты барлық тиісті мекеме басшылары шақыртылатын болады. Аудан кәсіпкерлері облыс экономикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосуда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498