Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек аудандық соттың төрағасы Ә.Бекназаров дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Бөген ауыл округі тұрғындарымен, ауыл әкімдігінің қызметкерлерімен, ауыл билерімен, кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді.Кездесу барысында төраға Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптарын, медиацияның қолданылу саласы мен мақсатын, медиаторлардың қызметіне қойылатын талаптары мен медиатордың атқаратын қызметіне, медиацияны қолдану кезінде туындайтын мәселелерге тоқталды. Кездесуде дауды реттеудің баламалы әдістерінің бірі болып табылатын медиацияны қолданудың маңыздылығы мен артықшылықтары туралы айтылды.
Сонымен қатар сот төрағасы осы жылдың басынан сот жүйесінің үш сатылы сот жүйесіне көшкенін, яғни кассациялық сот алқасының Жоғарғы Сот құзыретіне берілгендігін, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың күшейтіл-гендігін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тергеу судьясының өкілеттіктері заң жүзінде одан әрі кеңейтілгендігін жеткізді. Ұлт жоспарында медиация заңы туралы толыққанды тоқталғаны мәлім.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498