Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Алғабас ауылдық ауруханасы және өткен жылы қолданысқа берілген оңалту орталығы бүгінде жоғары талап деңгейінде қызмет атқаруда.
Қазіргі уақытта аурухана жанынан оңалту мекемесі де қолданысқа беріліп отыр. Бұл деген сөз ел еңсесін тіктеткен Тәуелсіздіктің нәтижесі деп білеміз.
Егеменді ел болғанымызға 25 жыл – бұл кезең аралығында Алғабас ауылдық ауруханасында медицина-лық көмектің сапасын жетілдіру, медициналық қызмет көрсетуде жетістікке жету мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде емделушіге тең мүмкіндіктер беру мен сапалы медициналық қызметтерді алуына баса назар аударылады. Осы тұрғыда ауруханаға бөлінген 25 төсектік орынның 10-ы ауруханаға, қалған 15-і оңалту орталығына берілді. Әрбір науқасты ықыласпен емдеп жүрген терапевт, невропатолог, дефектолог, ЛФК – емдік дене шынықтыру дәрігерлерінің барлығы жоғары санатты өз істерінің мамандары. Бүгінде жаңа үлгідегі ғимаратта қажеттінің бәрі табылады.Мекемеде материалдық база күшейтіліп, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды. Тазалық сақтаудың бірден-бір көзі яғни тіршілік нәрі су жүйесі де біздер үшін шешілген.
Оңалту орталығында инсульттен кейінгі науқастар ем алатын болғандықтан, дәрі-дәрмек уақтылы беріліп, толық ем-шаралар алуға барынша жағдай жасаудамыз. Емдеу шарасына алтын ине салу, қан алу, парофин, қыздыру /УВЧ/, электро-фарез жатады. Бір курстық емдеу шараларынан кейін үш-төрт айдан соң науқастарға қайта келіп көрінуге кеңес береміз. Осылай дерттің асқынуына жол бермей, халықтың саламатты өмір салтын ұстануына бағыт көрсетеміз.
Әлібек СПАБЕКОВ,
Алғабас ауылдық оңалту орталығының бас дәрігері.