Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауыл атырабы биылғы тәуелсіздік мерейтойын зор табыспен қарсы алғалы отыр. Ауыл округі аумағында 11 елді мекен, 11580 тұрғын, оның ішінде 15 ұлт пен ұлыстың өкілдері бар. 25 жылда ауданымыздың ауыл округтері арасында ең үлкен әкімдік болып саналатын Боралдай ауыл атырабындағы елді мекендердің келбеті өзгерді. Боралдай егін мен мал шаруашылығына қолайлы аймақ. Тәуелсіздік жылдарында кәсіпкерлік дамыды. Ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар енгізілді. Жылыжай, тамшылатып суару әдісін меңгерді шаруалар. Жыл басынан аудан көлемінде 25 жыл-дық мерекеге 25 нысан беріледі деп жоспарланса, біздің Боралдай ауыл округі ау-мағындағы атқарылған жұмыстардың осы межеге қосқан үлес салмағы басым. Орталықтағы бұрынғы ауыл әкімі ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, 60 орындық «Бәйтерек» бөбекжай –балабақшасы ашылып, жұртшылық игілігіне ұсынылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Балдырған» балабақшасы ағымдағы жөндеуден өтті. Жергілікті өзін өзі басқару бюджеті есебінен «Қаратау» мәдениет үйінің жанынан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналып мемориалды ескерткіш орнатылды.Жалпы елімізде «Жұмыспен қамту-2020», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары — ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерінің оңды шешімін табуға бағытталған бағдарламалар. Осы бағдарламалар аясында Боралдай өңірінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, орталықтағы «Жастар аллеясы», шеру алаңы асфальтанып, О.Тайманов, Боралдай ауылдарындағы ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтті. Ауыл атырабындағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін 10 медициналық тірек, орталықта аурухана бар. Аурухана жайы өткен жылы жөндеуден өтті.
Боралдай өңіріндегі ең басты жетістік ол — үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы ауқымындағы ірі жоба Жыланды елдімекенінде жүзеге асырылуда. Индустриалды аймақ ауданның локомотивіне айналмақ. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында жеткен жетістіктеріміз бен игіліктеріміз аз емес. Бұл бірлік пен тұрақтылықтың арқасында бағындырған белестеріміз. Ел дамуына Боралдай өңірінің жұртшылығы да әрдайым берекелі істерге ынтымақпен өз үлестерін қосып келеді. Алдағы мерекені ауыл атырабы ерекше келбет, ерекше көңіл-күймен қарсы алады деген сенімдемін.
Айтубек МАХАНБЕТОВ,
Боралдай ауыл округінің әкімі.