Биыл еліміз үшін айтулы жыл десек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Боралдай филиалының ұжымы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін лайықты қарсы алу үшін бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруда.Үстіміздегі жылғы бекітілген индикативтік жоспар бойынша филиалға қарасты ерекше қорғауға алынған аймақтарда осы жылдың 1 қаңтарына дейін 118000 көшет болса, қазіргі таңда 226000 данаға ұлғайып отыр. Наурыз, сәуір айларында орман тұқымбағында көшеттерді толықтыру мен өсіру мақсатында қолға алынған жұмыстың бірі фисташка өсіру болатын. Қазіргі таңда 100 дана көшет дайындалды.Өткен жылғы күзде 0,65 гектар жерге егілген үйеңкі тұқымынан өсіп шыққан көшет саны 96846 данаға жетті. «Сиверс» алмасының тұқымы 0,01 гектарға себілген болса, қазіргі таңда 3520 көшет дайындалды. Ал себілген жиде тұқымы 8400 көшетті құрады. Сонымен қатар қарағайдың жаңа көшеті 151 данаға жетті.Міне, осы өсімдік тұқымдарын өрттен, заңсыз кесуден қорғау, орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайтуды кезең-кезеңімен жүзеге асыру филиал ұжымының басты міндеті бүгінгі таңда.Сонымен қатар қазір елімізде туризм саласын дамыту ерекше қолға алынуда. Филиалдың бұл бағытта да атқарған жұмыстары бар. Боралдай филиалына қарасты бүгінге төрт туристік, Теректі, Қошқар ата, Ақбастау, Қостұра демалыс аймақтары жұмыс істеуде. Мәселен, табиғаты тамаша Теректі аймағынан екінші демалыс орны ашылды. Бұл аймақтарға баратын жолдар жөнделді.Алдағы кезеңдерде демалыс аймақтарындағы қызмет көрсету саласын қазіргі заман талабына сай жетілдіру көзделуде.
С.СЕРІКБАЕВ,
Боралдай филиалының директоры.