Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданында бүгінде ілкімді істер атқарылуда. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыт аясында аудан тұрғындарының игілігі үшін инфрақұрылымдық және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықтарды дамыту жұмыстарымен қатар, тұрғындарды жұмыспен қамту іс-шаралары да іске асырылуда.
Осы мақсатқа ауданымызға ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен 833,9 млн. тенге қаржы қарастырылып, 55 жоба мақұлданды. Аталған жобаларды іске асыруға жұмыспен қамту орталығы арқылы 161 адамды жұмысқа жолдау көзделсе, есепті мерзімге 164 адам жұмыспен қамтылды.
Есепті мерзімде білім саласында 3 нысанға, спорт саласында 2 нысанға ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізілсе, 50 коммуналдық нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.