(Жалғасы)
Аталған салада тер төгіп жүрген Оңтүстік Қазақстан облысындағы белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері марапатталды. Сондай-ақ, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде өздерінің озық істерімен алдыңғы лекте жүрген жеңімпаздар да назардан тыс қалған жоқ. Одан кейін VII Азаматтық Форумға келген делегаттардың тізімі бекітілді. Облыс бойынша қоғамдық ұйымдардың саны 2000 жылдары 400-дей ғана болса, 2016 жылы олардың саны 1200-ді құрап отыр. Демек 67 пайызға өсіп отыр. Мәселен 2006 жылы облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға 6 миллион теңге бөлінген болса, ал бүгінде 540 миллионнан астам теңге қаржы қаралған. Осыған байланысты облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бастапқыда 1 ғана облыстық басқарма (облыстық ішкі саясат басқармасы) жұмыс істесе, бүгінгі күнге үкіметтік емес ұйымдармен аудан, қала әкімдіктерімен қатар 5 облыстық басқарма жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктер бойынша ең либералды заң біздің мемлекетіміздің еншісінде. Көршілес мемлекеттерде тиісті органдарға бір рет есебін бермеген қоғамдық ұйымдарға оларды жабу процедурасын қолданады. Әлеуметтік міндеттемелердің бір бөлігін азаматтық қоғамның өз міндетіне алуы өркениетті әлемде қалыпты құбылыс болып саналады.