Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданындағы Жуантөбе ауылы шалғай шеттегі елді мекен саналады. Облыс орталығынан алыста жатқанымен мұнда әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Жуырда осы ауылда жаңа балабақша ашылды. Жуантөбеліктер мұны Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына тарту деп отыр. «Алуа» деп аталатын бөбекжай 50 орынға шақталған. Кішкентай балдырғандар мұнда жаңа реформа — 3 тұғырлы тіл жобасы аясында білім алады. Бөбекжай «Балапан» бағдарламасы аясында бой көтерген. Заманауи талаптарға сай салынған нысанда балдырғандардың жан-жақты тәрбиеленуіне бар жағдай жасалған. Оқу сыныптары, спорт, ойын, жатын бөлмелерінің барлығы қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған. Бұған дейін ауылда балабақша болмаған. Жаңа нысанды жеке кәсіпкер өз есебінен салған. Ұлт жоспарының басты басымдықтарының бірі білім саласына барынша көңіл бөлу болса, бүгінде бұл тарапта тындырымды тірліктер атқарылуда. Аудандарда ашылып жатқан балабақшалар соның бір айғағы. Енді жуантөбелік балдырғандар заманға сай ғимаратта мектепке дайындықтарын пысықтайды. Осылайша болашаққа деген іргетастары нықталынбақ.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498