Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан ядролық қоғамы» қауымдастығы мен атом ғылымы энергетика өндірісінің І сьезі болып өтті. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған шараға еліміздегі «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдері мен ресейлік ғалымдар қатысты. Елбасы әлемнің дамыған елдер қатарына ену үшін атом энергетикасына қатысты оң пікірін білдірген болатын. Бүгінде аталған қауымдастық еліміздегі жоғары технологиялар саласындағы үздік инженерлер мен үздік технологтарды, үздік университеттер мен үздік ғылыми орталықтарды біріктіріп отыр. Атом өндірісіне білікті маман даярлау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Еліміздегі үздік университеттердің бірі М. Әуезов атындағы ОҚМУ бүгінде осы салада маман даярлауда асығы алшы. Дуальді оқыту жүйесін қолға алған оқу ордасы шәкірттерді атом өндірісіндегі өзекті мәселелерге қанықтыру үшін кәсіпорындармен келісімге отырып, сонда тәжірибелік сабақтар өткізіп тұрады. Осы салада тер төгіп жүрген ғалымдар атом саласының маңыздылығы жөніндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Баламалы энергетика мен ғылымды көп қажетсінетін технологияларды, сирек металдар саласын дамыту жағы айтылды. «100 нақты қадам» бағдарламасының 64 — ші қадамында ғылым саласына барынша көңіл бөлу туралы кеңінен тоқталған. Аталған қауымдастық ғылым саласын дамыту жолында тер төгіп жүр. Бүгінгі жиында да атом саласы туралы жан-жақты талқылады.