Елбасы әлемдегі отыз дамыған елдің қатарына кірігу жолында Қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға арналған Бес институтционалдық реформаны айқындап берді. Бағдарламалық құжаттың өзегі – әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын жақсарту, оның құқығы мен бостандығын сақтау, білім алу мен денсаулық сақтау салаларындағы тең құқылығына кепіл болу, еңбек қатынастарының өркениетті үлгісін қалыптастыру болып табылады. Бұл өз кезегінде мемлекеттілігімізді, экономикамызды, қоғамымызды бекемдеуге бағытталған жаңа шаралар тізбегін қалыптастырады. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласында ілкімді істер атқарылуда. Өткен жылы Шымкент қалалық медициналық колледжінің оқу корпусы, 1 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункті, 3 медициналық пункт, 9 нысан пайдалануға берілді. Биыл жаңа жедел жәрдем стансасы іске қосылды. Бұл денсаулық сақтау саласында көрсеткіштердің жақсаруына өз үлесін қосатыны анық. Облыс орталығынан шалғай штте орналасқан ауылдардың барлығы да фельдшерлік бөлімдермен қамтамасыз етілген. Аудандық ауруханалардың өзі жоғары технологиялы медициналық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп отыр. Бұл өз кезегінде науқастардың облыс орталығына сабылмауына септігін тигізеді. Мұның барлығы да халық денсаулығын жақсарту жолындағы атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682