5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 48-қадамында құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу көзделген. Аталған ресурстық әдіс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. ОҚО құрылыс басқармасының басшысы К.Орашов бұл ресурс тауардың өзіндік құнын анықтап, отандық тауар өндірушілерге мол мүмкіндік беретінін айтып отыр. Күмісбек Орашов барша тауар өндірушілерге жаңа жүйеге белсене қатысып, өнімдерін тізімге енгізуге шақырды. Қазақстан кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған жүйе келер жылы жұмысын бастаса, мемлекеттік сатып алу оңтайланады. Құрылыс материалдарының бағасы арзандап, ғимараттардың сапасы жақсармақ. Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары И.Спатаев өңірдің барша кәсіпкерлеріне өздерінің өндіретін құрылыс материалдарын, бұйымдары мен жабдықтарының тиісті құжаттарын әзірлеп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне және оның көшірмесін «Қазақ құрылысы және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамына жолдау қажеттігін ескертіп отыр. Күнгейде құрылыс қарқын алған шақта аталған құжат құрылыс компанияларына оңтайлы болып тұр.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682