Бүгінде ОҚО-дағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында 66 млрд теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылуда. «Оңтүстік» ИА-да жалпы құны 66 млрд. теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 18,5 млрд. теңгені құрайтын 36 жобасы қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 2 782 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда келешекте жалпы құны 81.67 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылып, 6 мың жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Осы индустриалды аймақ ашылғалы бері мұнда 53 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, бюджетке салықтық түсімдер ретінде 3,5 млрд. теңге құрылды. Бүгінде арнайы экономикалық аймақтарда жылдар бойы атқарылған жұмыстар нәтижесін бере бастады. Индустриалды аймақтар үлкен әлеуетке ие. Алда Енді өндіріс қарқынын арттыра түсу қажет. Бүгінгі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 22.6 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі компания жұмыс жүргізеді. Мұнда 1 445 жаңа жұмыс орындары ашылған.