Оңтүстік Қазақтан облысына қарасты Төлеби ауданында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» аясында «Жүректен жүрекке!» атты қайырымдылық іс-шарасы болып өтті. Балалар үйіндегі жастардың жүректеріне шуақ, көңілдеріне қуат сыйлау, оларға қамқорлық жасау, қолдау көрсету мақсатында жастар әуелеген әнімен концерттік бағдарлама қойылды. Тағдырынан теперіш көрген жандарды біруақ көңілін аулап, қайырымдылық шараларын жасауды аудан жастары үнемі ұйымдастырып келеді. Аталған балалар үйінің тәрбиеленушілерді оларды асыға күтеді. Концерттік бағдарламадан кейін, аудандық «Нұр мешіттің» наиб имамы шақырылып, құран оқылып, жастарға кешкі ас берілді.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682