Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қарасты Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы бастығының саптық бөлім бойынша орынбасары полиция полковнигі Балғабаев Талғат Орынбасарұлының басшылығымен Төлеби ауданындағы Алатау ауылдық округіне, еліміздің түкпір-түкпірінен келген арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларынан құрылған 2 топ келді. Оқу орталығы тыңдаушылары Қайнар және Алатау ауылдары арасындағы жол бойындағы ретсіз егілген ағаштарды кесіп, құраған ағаштардан тазартып, көше бойын ретке келтіріп сенбілік өткізді. Кесілген ағаштар 15 жүк машинасына салынып, ауылдың жағдайы төмен отбасылар мен ардагерлер үйіне жеткізілді. Әлеуметтің әлеуетіне аз ғана болса да көмек қолын тигізгендері үшін болашақ офицерлерге ауыл ақсақалдары батасын берді. Бұл игі іс ауданымызда 3 күнге жалғасады. Осындай іс – шараны ұйымдастырған азаматтарға аудан тұрғындары дән риза. Әлеуметтің әлеуетін арттыру, осы салаға барынша қолдау білдіру Ұлт жоспарының басым бағыттарының бірі. Келешек погонды жастар осы бағдарламаға теңіздің қасындағы тамшыдай болса да аз ғана септігін тигізгендері үшін алғыс арқалады.