
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының ай сайынғы электр қуатын тұтыну көлемі 400 мвт құрайды. Оның 29 пайызы өзімізде өндіріледі. Аталған бағытта 4 электр станциясы 1мвт қуатпен ғана жұмыс істейді. Ал қалған 286 мвт қажеттілік Павлодар облысынан тартылады. Әрине айшылық алыс жерден тартылған соң тарифтің қымбаттауына әсер етеді. Ал қуаттылығы 2 МВТ құрайтын екінші су электр станциясы Сарағашта салынса да, облыстың электр энергиясына деген сұранысын өтей алмайды. Осындай олқылықтың орнын толыру мақсатында келер жылы Түлкібас ауданында қауаттылығы 4 МВт гидроэлектр станциясы салынатын болады. Тың жобаның жалпы құны 6 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл шешім «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өңіріміздегі өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетіне жасаған зерттеуінен соң белгілі болып отыр. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы кең көлемде техникалық-энергетикалық зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын. Осы іздеу нәтижесінде гидроэнергетикалық 30 нүкте анықталып отыр. Егер қуаттылығы жоғары станциясы салынып, пайдалануға берілген жағдайда өңірде электр қуаты тапшылығы болмайды.