
«Менің елім — мәңгілік ел» атты акция Оңтүстік Қазақстан облысында жалғасуда. Белгілісі аталған шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Аталған жиында елімізді бүкіл әлемге танытып жүрген спортшылар, түрлі салада жетістікке жетіп жүрген жастар ортаға шақырылып, сөз берілді. Әрине олардың жеткен жетістіктерін кейінгі буын жастарға қалай үлгі етсек те жарасады. Жасөскіндер соларға қарап бой түзейді. Сондықтан да оларды дәріптеп, үлгі етіп отырсақ ұтпасақ ұтылмасымыз анық. Бүгінгі патриоттық акцияға облысымыздың 3 мыңнан астам жасы қатысты. Мерекелік шараға ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы келді. Акция барысында «Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына – «Достижения молодежи — мәңгілік ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабы облыс жастарына тапсырылды. Аталған туынды Мәңгілік ел идеясының біріктіруші ролі мен өңірдегі жастардың Ұлт көшбасшысына қолдауға үндейді. Жастар жарқын іске жақын болуы үшін мұндай акцияларды көбірек өткізу қажет-ақ. Бүгін эстафета Тараз қаласына тапсырылды. Осылайша акция Республикамыздың барлық өңірлерінде жалғасып, қорытындысы қараша айының соңында Астанада жасалатын болады.