
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Кентау қаласының көп қабатты тұрғын үйлерінің ауласында «25 жыл: бір ел, бір тағдыр» атты іс-шара аталып өтуде.Спорттық жарыстарға аула балалары қатысып, түрлі ойындар көрсетіп сынға түсті. Топ-топқа бөлінген қатысушылар қызықты ойындар көрсетті. Белсенді түрде жарысқа қатысқан балалар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Іс-шара мәдениет сарайы жастарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен ұласты. Патриоттық әндер шырқалып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Қаладағы әрбір аулада өткен мерекелік шараларға тұрғындар дән риза. Мұндағы мақсат қала тұрғындары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, жастарды теріс әрекеттерден алшақ болуға үйрету, ең бастысы тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын дұрыс бағытта тәрбиелеу.