Түркістан сапары барысында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев қала активімен кездесіп, келелі кеңес құрды. Жиын барысында өңір басшысы ветеринаринарлық шараларға және бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлу қажеттігін баса айтты. Мысалыға мал өлекселерін тастайтын орындар саны 18, немесе 40%-ға ғана қамтылған. Алдағы уақытта олардың санын арттыру қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5 мың гектар және кәсіпкерлік мақсаттағы 1,6 мың гектар жер пайдаланылмай отыр. Жиынды қорытындылаған Жансейіт Қансейітұлы жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Атап айтар болсақ, салық салу базасын ұлғайту, бюджеттік емес инвестицияларды тарту бағытындағы жұмыстарды арттыруды тапсырды. Ең бастысы қалаға келетін туристер мен қонақтарға көрсетілетін сервисттік қызметтер сапасын арттыру үшін арнайы іс — шара жоспарын әзірлеп жүзеге асыруды қатаң ескертті. Сонымен бірге, қоғамдық көлік қызметіне, автовокзалдар мен автобус тұрақтарының жағдайына сараптама жасауды, жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздар санын азайту мәселесін де естен шығармады. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сапар соңында жұмысшы топ Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік унивеситетінде аялдады. Ондағы оқытушы құраммен болған кездесуде аймақ басшысы ғалым, профессорлардың өңірімізді дамытудағы ұсыныс, тілектерін тыңдады.