БҰҰ ДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан Үкіметі үлкен қолдау білдіріп отырғанын айтып, бүгінде бірқатар жобалар республика өңірлерінде сәтті іске асып жатқанын жеткізді. «Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жоғарыда аталған жобалар табысты жұмыс жасап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды Оңтүстік өңірінде де іске асыруда бірлесе жұмыс жасауға ниеттіміз. Мәселен, ОҚО-ның орталығы осы бесжылдық жоба аясында іріктеліп алынған 15 пилоттық қалалардың бірі болып табылады. Осындағы қала инфрақұрылымы мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика, көлік сынды жобаларды анықтауға, оларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге дайынбыз»,- деді Норимаса Шимомура. Оңтүстік Қазақстан — халқы көп облыс болғандықтан проблемада жоқ еместігіне тоқталған аймақ басшысы, алдағы уақытта ұсынылған бағдарламалар бойынша тығыз байланыста жұмыс жасалатынына сенім білдірді. Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген делегаттар облыстағы қолөнер орталығының жұмысымен танысып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетімен бірлескен «БҰҰ еріктілер бағдарламасы» жастар форумына қатысады деп жоспарлануда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498