Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы Абай саябағы Көркемсурет мұражайында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жұмыссыз азаматтарға арналған» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Бүгінгі жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 248 кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 2224 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туып отыр. Қалалық жұмыспен қамту органдары жылдық жоспарға сәйкес 4443 тұрақты жұмыс орнына, әлеуметтік жұмыс саласы бойынша 1160 азаматты, жастар практикасымен 2070 жас түлекті жұмыспен қамту көзделуде. Әлеуметтік мәселенің бір тармағын шешу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкенің көмегі көп. Жыл басынан бері бірнеше мәрте ұйымдастырылған шара барысында облыстағы мыңдаған азамат екі қолға бір күрек тапқан болатын. Бұл жәрмеңкенің де біраз отбасының әлеуметтік мәселесінің оң шешімін табуына зор көмек болғалы тұр.