ОҚО әкімінің Отырар өңіріне сапары барысында екінші аялдаған нысан қасиетті Арыстан баб кесенесі болды. Әлемнің әр тарабынан ағылатын зиярат етушілер жыл бойы толастамайды. Сондықтан да мұндағы инфрақұрылымды жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Аудандағы туристік маңызды нысандар – Отырар төбе мен Арыстан бабтың маңын абаттандыру жобаларымен танысты. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов кесененің кіре беріс қақпасы мен Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жолдың аралығын жөнге келтіріп, зиярат жасаушылар мен туристерге ыңғайлы орта құру жұмыстарының жүргізілетінін айтып өтті. Дегенмен аталған шара келер жылдың бюджетіне қалдырылып отыр. Сондай-ақ, Отырар төбе маңы мен қалашықты Арыстан баб кесенесімен қосатын ұзындығы 1,7 шақырым болатын жолды абаттандыру жұмыстары да қоса жүргізілетін болады. Ауқымды жұмыс жоспарымен таныс болған облыс әкімі игі істің жобасын тағы бір пысықтап, облыстағы білікті мамандардан кеңес алуды тапсырды. Алдағы уақытта өңіріміздегі киелі кесене маңы адам танымастай өзгері, жаңа кейіпке енетін болады.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498