Перейти к содержимому
Ақпарат айдынында ақ желкенін керіп, аламанға ат қосқан «Сақ.кз» ақпараттық порталы бүгінде өз оқырманын тауып үлгерді. Қашанда жағымды жаңалықты қалың қауымға алғаш болып жеткізіп келе жатқан интернет басылымы көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға сай мақаламен сусындатып келеді. Еселі еңбек ел алғысымен өлшенбек. Жұртшылық өз бағасын беріп те үлгерді. Билік тарапынан да жоғары бағаланып отырған жайы бар. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстар байқауында «Үздік интернет жарияланымы» номинациясы бойынша «saq.kz» интернет газеті 1-ші орынды жеңіп алды. Министрліктің алғыс хаты мен ноутбук қоса табысталды. Бұл қаламын қажап, ақпарат майданында қажырлы еңбек етіп келе жатқан басылымның алғашқы марапаты. Алдағы уақытта да талмай талаптанып, талай марапатты қанжығасына байлары хақ.