Әлеумет «Coworking» орталығы ашылды Редактор 16.10.2023 33262 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Ләнде Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп кітапханасының жанынан мектептің кітапханашылары Г.Оспанова және Г.Қорабекованың ұйымдастыруымен «Coworking» орталығы ашылды. Мақсаты – кітапхана оқырмандарын, әсіресе жастарды көбірек тарту, оқу мәдениетін насихаттау болып табылады. Білім ордасындағы рухани орталықтың ашылу салтанатына мектеп директоры Қ.Зулхарнаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Асылханов, Б.Абдрахманов және директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Н.Сыдықовалар қонаққа келеді. Кітап мекенін салтанатты түрде ашу рәсімі мектеп директоры Қ.Зулхарнаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ақылбаевқа берілді. Жаңаша безендіріліп, өзгеше жабдықталған орталықтың оқушылардың тұрақты ортасына айналарына сенім мол. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында орталық ерекше етіп безендірілген. Алып ағашқа түрлі кітаптар қойылған. Ерекше дизайн мен интерьерімен ақ оқырманын қызықтыра түсері анық. Алаш зиялыларының суреті бейнеленіп, өмірбаяндары жазылған. Кітап атты алып мұхитқа сүңгіп кетіп, тереңінен жақұт тергендей болары сөзсіз. Мектеп оқушылар ұдайы асығып тұратын орталықтың бірі болары сөзсіз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 6682 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 7811 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 15286