Экономика Шымкентте шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 103 пайызға артқан Редактор 19.04.2022 11821 1 оқу мин Шымкентте өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7%-ға өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша біршама көрсеткіштерде өсім байқалады: ШОБ субъектілерімен өндірген өнім көлемі – 1 097,5 млрд. теңге, өсім 103,2% құрады; жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі – 41,3% жетті, 2020 жылы бұл көрсеткіш 34% құраған. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қаладағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі драйвері болып табылады. Бағдарлама шеңберінде өткен жылы жалпы 2 525 жоба қолдау тапқан. Оның ішінде: — сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша — 1 357 жоба; — ішінара кепілдендіру бойынша — 1 126 жоба; — жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар беру бойынша 39 грант берілді; — өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша — 3 жоба. Мегаполисте шағын және орта бизнесті дамыту шаралары одан әрі жалғасатын болады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4700 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14894 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11719