Экономика 2023 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қаншаға өсетіні белгілі болды Редактор 25.08.2022 11179 1 оқу мин Келер жылдың 1 қаңтарынан зейнетақының ең төменгі мөлшерi 48 032 теңгеден 53 076 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА сайтында талқылауға шығарылған Қаржы министрлігінің «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 21 907, ал зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге болып бекітілсін. Сонымен қатар жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға көтеріле отырып белгіленсін», — деп жазылған құжатта. Бұдан бөлек, келесі жылдың қаңтарынан АЕК мөлшері өседі. Биыл ол 3 180 болса, 2023 жылы – 3 450 теңге болмақ. Бюджет жоспарына сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге болып бекітілмек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4700 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14894 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11719