Экономика Көпбалалы ана ерекше кәсіп бастады Редактор 20.10.2022 11937 1 оқу мин Көпбалалы ана ерекше кәсіп бастады Кіші отбасылар мемлекетті құрайтын болса, мемлекеттің экономикасын өркендетуге кәсіпкерлердің де қосып отырған үлесі аз емес. Бүгінде ауыл аймақтарда шағын болса да өз кәсібін бастап, табыс тауып отырған тұрғындар қатары көбейіп келеді. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылының тұрғыны, жеті баланың анасы Гүлшат Ақмұрзаева биыл мемлекеттік грант (400 АЕК) жеңіп алып, бизнес жоспарында көрсеткен кәсібін бастады. Яғни, гипстен түрлі бұйымдар, оның ішінде тиын жинайтын ыдыстар құяды. Жасаған дүниелерін әлеуметтік желі, тамыр-таныстары арқылы саудалауда. Аталған кәсіпті интернеттен үйренген ол болашақта үйренуге ниет білдірген ауыл тұрғындарын баулымақ екен. Сыйлық ретінде ұсынуға таптырмайтын бұйым бүгінде сұранысқа ие. Арнайы тапсырыс бойынша сатып алатындар қатары артып отыр. Алдағы уақытта кәсіпкер кішігірім цехты үлкейтсем деп жоспарлап отыр. Жалпы, 2022 жылы аудан бойынша 170-тен астам азаматқа мемлекеттік грант беру жоспарланған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4700 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14894 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11719