Экономика Трансұлттық дәлізінің әлеуетін пайдалану мәселелерін зерделеді Редактор 22.10.2022 10647 1 оқу мин Күннен күнге қарыштап дамып келе жатқан Түркістанға қызығушылық танытып отырған көбейіп келеді. Киелі өңірдің инвестициялық тартымдылығы да шетелдіктерді қызықтырып отырғаны сөзсіз. Күні кеше Түркістан облысына Азия даму банкінің өкілдері келді. Олар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының трансұлттық дәлізінің әлеуетін пайдалану мәселелерін зерделеді. Осы мақсатта Түркістан облысындағы Сарыағаш, Мақтаарал, Келес аудандары мен аймақ экономикасының инвестициялық және көліктік-логистикалық әлеуетімен танысты. Азия даму банкінің Қазақстандағы операциялары экономикалық әртараптандыруды, инклюзивті дамуды және орнықты өсуді қолдауға бағытталған. Сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, шекара маңындағы сауданы дамытуды да зерделемек. Азия даму банкі сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына белсенді қатысуын қолдайды. Айта кетейік, Азия даму банкінің өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуетін арнайы таныстыру сүйемелдеу жұмыстарын «Turkistan invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту агентігі жүргізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 13632 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 14471 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 23752