Экономика Біршама жобалар жүзеге асырылды Редактор 02.11.2022 4927 Біршама жобалар жүзеге асырылды Жоспарлы жұмыстар 2025 жылға дейін, әр жылдың көктем, күз айларында жүзеге асыру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру үшін Түркістан облысына қарасты Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырма жүктеді. Ең алдымен көшеттердің түрі, климаттық жағдайға төзімділігін және суландыру жүйесімен қамту шараларын нақтылауды тапсырған аудан басшысы егілген көшеттерді күтіп баптайтын бағбан мәселесін де нақты шешу керектігін атап өтті. – Бүгінге дейін көгалдандыру мақсатында біршама жобалар жүзеге асырылды. Дегенмен бұл шаралардың нәтижелі болуына жергілікті тұрғындар да атсалысуы тиіс. Тұрғындар арасында қоршаған ортаны тазалығы, күтіп баптауы секілді мәдениетті қалыптастыруымыз керек, – деді А. Есбаев. Бүгінде ауданда көшет өндірумен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Көгалдандыру жұмыстарына әрбір мемлекеттік, кәсіпкерлік нысандар да атсалысады. Соның ішінде аудан орталығын көгалдандыру мақсатында көшеттердің түрі мен саны, суғару жүйесі, сынды қажетті заттарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сызбалары дайындалды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 1 оқу мин Экономика МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 30.04.2024 2422 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 3061 Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 4269