Экономика Егістікке баратын ағын су шығынын азайтуға мол септігін тигізбек Редактор 21.04.2023 10883 Су ресурстарын қорғау, су қауіпсіздігі мен тиімділігі, оны рационалды пайдалану – адамзат үшін өмірлік маңызды мәселеге айналып отыр. Аталмыш мәселелер бүгінгі күні ғалымдар көптеп айналысуда, көптеген инновациялар жобалар жүзеге асып жатыр. Сондықтан да су ресурстарын дамыту бүгінде басты мәселе болып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көктемгі дала жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және шаруаларды ағын сумен қамту бағытында нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Өңір басшысы «Тұран су» мекемесі мен аудан, қала әкімдіктеріне шаруааралық каналдарды механикалық тазалау жұмыстарына қажетті техникаларды жұмылдырып, маңызды істі бірлесе атқаруды тапсырған еді. Осыған сәйкес су арналарын тазалау жұмыстары бүгінде бірлескен түрде облыстың бірнеше аудандарында қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте «Тұран су» ШЖҚ МКК арнайы техникалары дамылсыз жұмыс атқаруда. Жалпы мекеме теңгеріміне қарасты Сауран, Арыс, Ордабасы аудандары бойынша ұзындығы 250 шақырым су арналарын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланса, тиісті меженің бүгінде 32 шақырымы тазартылып үлгерген. Бұл жұмыстар көктемгі су беру маусымында өз тиімділігін көрсетіп, егістікке баратын ағын су шығынын азайтуға мол септігін тигізбек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12374 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9582 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13470