Экономика Мал төлдетуді алғашқылардың бірі болып аяқтап отыр Редактор 27.04.2023 10865 Ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі мал шаруашылығы бүгінде қарқынды дамып келеді. Мал бордақылаумен айналысатын ірі кешендер де, ұсақ мал басын көбейтушілердің де қатары қалың. Түркістан облысының шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарында қозы төлдету маусымы басталды. «Қой қоздап, қорада шудың» нағыз кезеңі. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт өңіріндегі «Тұрапбай» шаруа қожалығының шаруалары бүгінде ұсақ малды төлдету шаруасының басы қасында жүр. «Тұрапбай» шаруа қожалығы облыстағы ең үздік әрі ірі шаруашылықтардың бірі. Мұнда ангус ірі қара малы мен қойы өсіріледі. Мұнда қазақтың май құйрықты ірі қой тұқымы 700 басқа жетіп отыр. Шаруа қожалығы Қазығұрт ауылынан 13 шақырым жерде табиғаты әсем жерде орналасқан. Мал бағуға таптырмайтын мекен. «Тұрапбай» шаруа қожалығы ұсақ малды төлдетуді алғашқылардың бірі болып аяқтап отыр. 700 аналық аналық бастан 735 қозыдан төл алды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Асыл тұқымды мал басын көбейтуде жыл сайын жақсы көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Алға қойған межелері де жаман емес.Жалпы Қазығұрт ауданында 89,2 мың бас ірі қара болса, оның 54,8 пайызы асыл тұқымды мал. Қой – 320,1 мың бас, оның 250 мыңы аналық. Өңірде биылғы қозы алу науқанының қорытындысы әлі шығарылған жоқ. Мамыр айында ол біткен кезде барлық 13 ауылдық округтен қорытынды шығады. Сонда аудан малының қаншаға көбейгені белгілі болмақ. Белгілісі «Тұрапбай» шаруа қожалығы алдыңғы орында ешкімге дес бермейтіндігі. Атакәсіпті алға бастырып отырған шаруашылық басшысы алдағы уақытта мал басын бұдан да көбейтуді жоспарлап қойған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4677 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14863 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11640