Экономика Ағын сумен үзбей қамтуды тапсырды Редактор 29.04.2023 8446 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының халқы өте еңбекқор. Мұнда ірі жылыжай кешендері, ірі мал бордақылау алаңдары, егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары көп. Одан бөлек ауданға қарасты ауылдардың тұрғындары ала жаздай кетпені мен күргенін сайлап, егінін баптап, өнім өсіреді. Оны жақын маңдағы базарларға базарлайды. Сөйтіп үйіргелік шағын шаруашылықтарын жүргізіп отыр. Сондықтан да ауыл халқы үшін ағын судың үзбей келіп тұрғаны маңызды. Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындары, шаруа қожалықтарының иелері және «Күлтөбе» каналының су мурабы У.Алиханов аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Хасанов Бахытбек Сембекұлына ағын суға қатысты туындаған мәселесімен келді. Жергілікті тұрғындар аудан аумағындағы ауылдық округтерге ағын су беру науқаны ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталғанын айтып, ауылдық округтеріне бекітілген кестеге сәйкес ағын суды жеткізілуін қадағалаудың қажеттілігін сұрана отырып, су шаруашылығы мекемесінің ішкі кадрлық мәселесін де көтерді. Қабылдауға қатысқан аудандық «Ақсу» МКК-і директорының міндетін уақытша атқарушы Ә.Қалмұратовқа су шаруашылығының қызметкерлеріне қатысты мәселені өз құзыретінің шегінде және ұжымдық жалпы отырыста қарайтынын түсіндіріп, ең бастысы ауыл тұрғындарын ағын сумен уақытылы және кезек тәртібімен қамтуды тапсырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4677 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14829 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11640