Экономика Жайылым жер ұлғайтылмақ Редактор 19.05.2023 4158 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Иассы ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Жаңа қоныстанған 194 үй ауыз сумен қамтылады. Ол үшін Иассы ауыл округі Еңбекші Дихан елді мекенімен меморандум арқылы «Авангард-Ок» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Кездесуде тұрғындар тарапынан ауыл көшелеріне бейне бақылау камералары қойылса деген өтініш айтылды. Сонымен қатар, жайылымды жерді ұлғайтуды сұрады. Қазіргі таңда 7 тұлғаның 1022 га жерін ортақ жайылымға қайтаруға ортақ жайылымды кеңейтуге мемлекет мұқтаждығына қаулы қабылданып жұмыстар жүргізіліп жатқанын сала мамандары хабарлады. — Осы ауылдағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық біледі. Ауылды көркейту үшін жасалынатын жұмыстар тоқтамайды. Президентіміз Қ.Тоқаев та ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуды тапсырып отыр. Біз ол тапсырманы орындауға міндеттіміз. Әрине, тек заң шеңберінде. Ауызбіршілік болған кезде ғана тірлік алға басады. Билік пен бұқара халық арасындағы байланыстың ашықтықтығын нығайту мақсатында мен әр үш ай сайын сіздермен кездесіп, мұң-мұқтаждықтарыңызды тыңдауға дайынмын,- деді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев. Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстар басшылық тарапынан назарға алынды. Тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайды. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Кездесуден кейін Ғалымжан Қарабайұлы округ тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Тұрғындардың мұң мұқтаждығын тыңдаған аудан басшысы тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, орындалуын қадағалауды ескертті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 12.12.2024 173462 БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024 195026 КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 201728