Экономика Мал басын сәйкестендіру жұмыстары қарқын алады Редактор 24.05.2023 12495 1 оқу мин Түркістан облысына қарсты Сарыағаш ауданында мал шаруашылығынымен айналысатындардың қарасы көп. Олардың басым бөлігі етті, сүтті бағытта жұмыс жасайды. Мал бордақылаумен айналысатындар да баршылық. Мал басын сәйкестендіру, мал ауруларының алдын алу бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Сондықтан да жуырда аудан әкімі Арман Абдуллаев облыс әкімінің «Түркістан облыстық статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, дерекқор базасындағы және ауыл округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу туралы», таспырмасын орындау бойынша жұмысшы топ мүшесінің төрағасының орынбасары облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ. Құрманбай мен кездесті. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Айта кетсек: — аудандағы мал басын сәйкестендіру; — ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы; — қажетті биотермиялық шұңқырларды (Беккари шұңқыры) және уақ мал тоғытатын орындарды салу туралы; — аудандағы ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы туралы; — ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы жайын талқылады. Алдағы уақытта аталған мәселелер шешімін табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 137390 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 156686 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 160379