Экономика 2000 тоннаға жуық балық өнімдерін экспорттайды Редактор 11.06.2023 20313 Түркістан облысы еліміз бойынша балық өсіруден көш бастап тұр және бұл саланы дамытуда әлеуеті зор. Бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында облыстың түкпір түкпірінде балық шаруашылығын дамытуға ден қойғандардың қатары артып келеді. Ұсақ шаруашылықтардан бөлек ірі шаруашылықтар да балық өсіру ісінде өркендеу үстінде. Облыстағы балық аулаудың жалпы қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асады. Бұл кәсіппен 133 кәсіпорын айналысады. Саланың табысты дамуына нақты мемлекеттік қолдау – акваөсіру үшін пайдаланылатын жемшөп сатып алу құнының 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы ықпал етеді. Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы «Көмешбұлақ» балық шаруашылығында жылына 500 тоннаға жуық түрлі балық өсіріледі. Алдағы уақытта балық басын тағы да көбейтуді жоспарлап отыр. Өндіріс ошағында ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. Айта кету керек, оңтүстік өңірдің өндірушілері жыл сайын Әзірбайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай, Өзбекстан елдеріне 2000 тоннаға жуық балық өнімдерін экспорттайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 13240 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 14323 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 23495