Экономика Көгалдандыру жұмыстары қарқын алды Редактор 13.06.2023 15727 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен үйлердің қасбеттерін ретке келтіру, халық игілігі үшін берілген балалар ойын алаңшалары мен әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау мақсатында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков атқарылуы тиіс жұмыстарды жан-жақты саралап, барлық ауыл, кент округ әкімдеріне тазалық жұмыстарын қарқынды іске асыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бүгінде Жартытөбе ауылы мен Аққолтық, Бабата елдімекендерінде бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алды. Онда бірнеше көшелері қоқыстардан тазартылып, жол бойында орналасқан бірқатар нысандардың қасбеттері мен қоршаулары қалыпқа келтірілді. Ауылдарды ағын сумен қамту жұмыстары да қарқын алған. Жартытөбе ауыл округінде бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ішкі көшелердің барлығына кезең-кезеңімен жүргізіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 13240 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 14323 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 23495